ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қан айналым жүйесі ауралары бойынша 47,5 мың адам скринингтік тексерістен өтуі тиіс. Үш айдың ішінде 9 мыңнан астам адам тексерілсе, соның шамамен әр үшіншісі дәрігерлердің диспансерлік есебіне алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.