АНКАРА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.