Добавить новость

Детский сад на 250 мест достроят в поселке Поварово к 2026 году

Аделина Панина: топ-3 самых популярных и действенных ритуалов для привлечения денег

Факт пребывания американских астронавтов на Луне признали в «Роскосмосе»

МВД: трех человек задержали после стрельбы на Тихорецком бульваре в Люблине

World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қаңтар оқиғасы: ШҚО-да құқық қорғаушылар тергеу барысына алаңдаушылық білдірді

Қаңтар оқиғасы: ШҚО-да құқық қорғаушылар тергеу барысына алаңдаушылық білдірді

Семейде құқық қорғаушылар мен Қаңтар оқиғасын зерттеу бойынша құрылған қоғамдық комиссия өкілдері тергеу изоляторында Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған ондаған адам отырғанын, арасында азаматтық белсенділер де барын мәлімдеді. Оларға ауыр қылмыс баптары бойынша айып тағылып жатыр. 28 сәуір Семейде өткен жиында құқық қорғаушылар тергеудің "қудалау сипатына" тоқталып, алаңдаушылық білдірді. 

—Жуырда Таразда болдық, ол жақта оқиғадан кейінгі жағдай адам шошырлық: жеті әкімшілік ғимараты басып алынған, тоналған, полиция департаментінен көп қару-жарақ ұрланған. Бірақ соған қарамастан ол жақта Семейдегідей тағылып отырған айыптар саны көп емес. Семейде алдын ала мәлімет бойынша, 118 күдіктінің 44-і "террористік" бап яғни, "Қылмыстық топтың ғимаратқа шабуыл жасауы" - 269-баптың 3-тармағы бабы бойынша айыпталып отыр. Бұл жақта ешқандай ғимарат басып алынбаған, Тараздағыдай бүлік болмаған. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды, –  деді алматылық құқық қорғаушы Ерлан Қалиев. 

Оның айтуынша, 269-бап бойынша бостандықты шектеу жазасы қарастырылмаған, тек бостандықтан айыру жазасы ғана бар: "Бұдан бөлек, егер оларға айып тағылса, құқықтары шектеледі, жұмысқа, банкке барғанда қиындыққа ұшырайды. Бұл "террористік" бап " деді ол. 

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының заңгері Әсем Жапалованың сөзінше, қазір тергеу изоляторында 54 адам отыр. 19 қаңтарда олардың саны 114 болған. Тергеу изоляторындағы 41 адамға "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап, 2-тармағы) бабы бойынша айып тағылған. Бір адамға "Ғимаратқа шабуыл жасау" (269-бап, 2-бөлігі), 11 адамға – 269-баптың 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Тағы бір адам "билік өкіліне күш қолдану" (380-бап, 3-тармағы) бойынша күдікке ілінген. 

— Азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы арқылы БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің арнайы баяндамашысына 15 хабарлама жіберілді. Олар әлі күнге дейін қарастырылып жатыр. Алғашқы күндері ұсталғандар дене жарақатын тіркете алмаған, көбінің медициналық құжаттары жоқ. Қамалғандардың көбі жұмысына немесе оқу орнына ұсталғаны жөнінде дер кезінде хабарлай алмаған, сол себепті оларды жұмыстан немесе оқудан шығарып жіберген. Бірнеше күн бұрынғы жиында тергеу амалдарының қатты созылып бара жатқаны, ал тергеу әрекетінің самарқау жүргізілгені туралы айтылған. Қазір бірде-бір қылмыстық іс сотқа жіберілген жоқ, – деді Әсем Жапалова.  

Құқық қорғаушы, "Ар.Рух.Хақ" қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина күдіктілердің "террористік әрекет жасағанын дәлелдейтін бірде-бір айғақ" қоғамға көрсетілмегенін атап өтті. 

"Террористік базада арнайы дайындықтан өтіп жатқаны туралы сурет немесе видео сияқты нақты дәлел-айғақ көрсетпейінше, біз оларды бейбіт тұрғындар деп санай береміз. Адамның жәй алаңда тұрғаны туралы видео – оны бап бойынша айыптауға негіз бере алмайды" деді ол. 

Ол сонымен бірге өзіне парламенттен хабарласып, белсенділер көп ұсталған қалалардағы жағдайды талқылау туралы ұсыныс айтылғанын жеткізді. 

— "Жаңа Қазақстан" фракциясы оқиға дұрыс тергелмей жатқан, әділетсіздік қатты байқалған қалалардан кейстерді жинап, ведомствоаралық тергеу тобына жіберуді ұсынды. Бұлар: Семей, Өскемен, Шымкент, Алматы. Мұнда бейбіт жиындарға шығып, пікірлерін бейбіт түрде жеткізіп жүрген көп белсенді қамалған. Тергеу тобы айыптың қаншалықты негізді екенін айтуы тиіс. 12 мамырда парламентте жұмыс тобы аясында кездесеміз. Ол жақта Семей, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Тараз бойынша шамамен 20 кейс қаралады. Мұндай кездесу ұйымдастыру туралы бастаманы парламент көтеріп отыр, – деді Төреғожина. 

Бейсенбі күнгі жиын кезінде ұсталғандардың туыстары тергеу амалдары бастапқыда екі айға созылады деп айтылса да, қазір бес айға созылғанын жеткізді. Осыған дейін Өскемендегі тергеу изоляторында отырған кейбір айыпталушылар тергеудің ұзартылғанына наразы болып, аштық жариялаған. Прокурорлар келгеннен кейін наразылық акциясы тоқтаған. 

Жиында Қаңтар оқиғасы кезінде Семей мен Өскеменде қанша адамның қаза болғаны әлі күнге дейін белгісіз екені айтылды. Әсем Жапалованың сөзінше, күштік құрылымдар санын айтудан бас тартқан. Бейресми мәлімет бойынша, Семейде екі адам ұсталғаннан кейін қаза болған, Өскеменде оқ жарақатынан үш адам қайтыс болған.

Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға "терроризм", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру", "заңсыз қару-жарақ сақтау" секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.

Қаңтардың басында елде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты митинг өтіп, наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Ресми дерек бойынша, 230 адам қаза болды. Қаза тапқандар арасында күштік құрылымның 19 қызметкері бар. Бұған қоса, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны хабарланды. Билік опат болғандардың есімін жарияламады. Халықаралық ұйымдар Қаңтар оқиғасын халықаралық сарапшылардың көмегімен зерттеуге үндегенмен Нұр-Сұлтан ұсынысты кері қайтарған.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Аделина Панина: топ-3 самых популярных и действенных ритуалов для привлечения денег

Детский сад на 250 мест достроят в поселке Поварово к 2026 году

В Италии продают автодом на базе «Буханки». У него 2,0-литровый дизельный мотор

Синоптик Позднякова: Москву накроют ливни и ветер после аномальной жары

Музыкальные новости

«Я в Москве, а он в Питере»: Кудрявцева раскрыла, к кому ревновала Макарова

Команда ГУАП заняла 2 место на хакатоне «Лидеры цифровой трансформации»

Экс-главу входящего в "Роскосмос" НИИ приговорили к пяти годам заключения

«Фанагория» выступила партнером юбилейного семинара директоров литературных музеев

Новости России

Аделина Панина: топ-3 самых популярных и действенных ритуалов для привлечения денег

В Италии продают автодом на базе «Буханки». У него 2,0-литровый дизельный мотор

День молодежи в Ленинском округе отметят 6 июля

Синоптик Позднякова: Москву накроют ливни и ветер после аномальной жары

Экология в России и мире

Телеканал ТНТ и Good Story Media приступили к съемкам нового сериала «Кукушкин» с Данилой Рассомахиным, Дарьей Руденок и Александром Якиным

Программа «Цифровой инвестор» ГМК "Норникель" выходит на новый этап

Странный визит: зачем Канье Уэст приезжал в Москву, быстро уехав?

Textile Collection Moscow Autumn 2024: присоединяйтесь к масштабному событию текстиля – единому текстильному кластеру!

Спорт в России и мире

Теннисистка Пивоварова назвала травму Джоковича шагом к завершению карьеры

Бекхэм оценил шутку Радукану о сравнении её игры на Уимблдоне-2024 и Англии на Евро-2024

Звезда «Гонки» Даниэль Брюль снимет байопик о немецком теннисисте Готфриде фон Крамме

Анна Калинская и Янник Синнер были замечены вместе на Уимблдоне

Moscow.media

Программа «Цифровой инвестор» ГМК "Норникель" выходит на новый этап

Дирекция по качеству АО "Желдорреммаш" посетила локомотивостроительные заводы ТМХ

ТСД промышленного класса Saotron RT-T60

Беспроводной сканер штрих-кодов Heroje S-H29W











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Синоптик Позднякова: Москву накроют ливни и ветер после аномальной жары

Ярославца будут судить за мошенничество при строительстве бань

День молодежи в Ленинском округе отметят 6 июля

Жителям тульского поселка Петровский незаконно выставили счета за коммуналку