Адам тәрбиесі – оның тағдырындағы өмірлік категориялардың бірі, дүниетанымының негізі, адамдардың бақытты болашағының кепілі. Оның ең маңызды серіктері – адамдарды түрлендіретін, ішкі дүниесін байытатын қасиеттер. Оларға: жанашырлық, мейірімділік, адалдық, қайсарлық және т.б. Ата-аналардың басты міндеті-балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Егер отбасында өзара түсіністік, сенім және жылулық болса, бұл нағыз бақыт.
«Тәрбие – тал бесіктен»

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни, қоғамға, өзі–өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады. Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс–әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, жүріс–тұрысына, сөйлеуіне, ойнауына, әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дейді...