Ақындар туралы ең беделді пікір: «Күлүбү-ш шуәрә һазәинуллаһ».
Аш-Шарид есімді бір сахаба жазған: «Бір күні мені Хазірет пайғамбар шақырып алып, «Білетін болсаң, маған Умайя бин Әбу-с-салттың бір жақсы жырын оқып берші» деді. Мақұл дедім де оқыдым. «Оһ, не деген ғажап, тағы оқышы!» деді. Мен де оқи бердім, сөйте-сөйте жүз бәйітті айтып шықтым. Расулалләһ (С. Г. А) «Адамдардың арасында мұсылманға ең жақыны ақындар шығар» деді. Кейін ол «Ақындардың жүрегі Алланың қазинесі — дүр» деген байлам жасады». Әрине, «Күріштің арқасында күрмек те су ішеді». Кез келген кісінің қолынан қатты намыстанғанда, қатты қуанып не налығанда немесе қатты қорыққанда екі ауыз жайсаң өлең шығару...