Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жас анаға 5 кеңес

«Ана болуыңызбен құттықтаймыз» – әйел өміріндегі ең бақытты сөздердің бірі. Баланың пайда болуымен әйелдің өмірі түбегейлі өзгереді. Сол өзгерістер жақсы жағына болу үшін бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.

1.Көмектен бас тартпаңыз. Мықты әрі тәуелсіз болу – керемет, бірақ икем тәжірибемен келеді. Ал, әзірге, бала жөргегін құрбыңыздан алдыртыңыз, азық-түлікке күйеуіңіз барсын және әжесі немересін қарағысы келген уақытта бас тартпаңыз. Оларға көмектесу қиынға соқпайды, ал сіз шаршап жүрмейсіз.

2. Қаһарман болуға тырыспаңыз. «Мінсіз ана және мінсіз әйел боламын» деп ең маңызды нәрселерді өткізіп алуыңыз мүмкін. Үтіктелмеген киім, бөлмедегі жиналмаған ойыншықтар және босанудан кейінгі артық бірнеше килограмм – аса қауіпті проблема емес. Өзіңізді мінсіз еместігіңіз үшін қинағанша, ең бағалы уақытыңызды отбасыңызбен қуанышты өткізіңіз.

3. Сәнденуді ұмытпаңыз. Шаш үлгіңізді өзгертіңіз, мүмкіндік болса, гардеробыңыздағы киімдерді жаңартып тұрыңыз. Үйге киетін киіміңізде дақтар болмағанын қадағалаңыз. Сіз ана болумен қатар, әйел екеніңізді ұмытпаңыз.

4. Көршілерді (немесе үлкендерді) әркез тыңдай бермеңіз. Әрине, үлкендер өмірде біраз нәрсені көрді, бірақ олар сіздің балаңызға не керектігін сізден артық білмейді. Әдептілік сақтап, олардың айтқанын тыңдаңыз, бірақ егер жүрегіңіз балаға басқа нәрсе қажеттігін айтып тұрса, өздігінше істеңіз. Басқаға әрекетіңізді дәлелдеуге немесе түсіндіруге міндетті емессіз.

5. Демалыңыз. Ананың жұмыс кестесі – түскі үзіліссіз аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат. Сөзсіз, миыңыз демалысты қажет етеді. Балаға да, ата-анаға да арасында демалыс керек. Күйеуіңізбен серуендеуге, құрбыңызбен шай ішуге барыңыз немесе өз-өзіңізбен болыңыз. Мұндай уақыт өткізудің сізге пайдасы тиеді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Сообщение Жас анаға 5 кеңес появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus