Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Уақытылы ауыстырып тұру керек 6 ас үй ыдысы

Бұл ас үй ыдыстары мен құралдарының жарамдылық мерзімі бар. Уақыт өте келе үздіксіз қолданудың себебінен олар бактериялардың көзіне айналады. Сондықтан олардың толықтай жарамсыз (мысалы, сынғанын) болғанын күтпеген жөн. Ендеше, ас үйіңіздегі қандай ыдыстарды ауыстыратын  уақыт болды?

1. Силикон щетка
Бұл ас құралын әр 2 жыл сайын ауыстырған дұрыс. Ол үнемі ыстық пісірмелермен жанасатын болғандықтан силикон балқып бастайды да, тамағыңызда көрінбейтін молекулалар ретінде қалады. Сондай-ақ, оның сапалы түрін таңдауға тырысыңыз.

2. Пышақтар
Қандай материалдан жасалған болса да, пышақты әр 7 жыл сайын ауыстыру керек. Әрине, материалы қаншалықты жақсы болса, пышақ ұзақ қызмет етеді. Дегенмен де, пышақтың ойықтарында қарапайым әдіспен жуғанға кетпейтін бактериялар жинала бастайтынын ескерген жөн.

3. Жабыспайтын қаптамасы бар ыдыс
Жабыспайтын қаптамасы бар ыдысты әр 2-3 жыл сайын ауыстыру ұсынылады. Мұндай ыдыстың түбінде қалған алғашқы жырықтар оны ауыстыру керегін көрсететін алғашқы белгі болуы керек. Жабыспайтын қаптамасы бар кәстрөлдер мен табаларда жырықтар пайда болса, оған піскен тамақ жабыса береді және осы жырықтар арқылы кей өндірушілер қолданатын зиянды заттар шыға бастайды.

4. Үккіштер мен көкөніс кесетін құралдар
Үккіштер мен көкөніс кесетін құралдар 3-4 жыл қызмет етеді. Одан соң олар өтпей бастайды, ал оларды қайрау мүмкін емес.

5. Ағаш қасықтар
Уақыт өте келе көп қолданылған ағаш ас құралдары қабаттарға бөлінеді, түсін өзгертеді және жарыла бастайды. Сондықтан олар бактериялардың жиналатын жеріне айналады. Сол үшін де оларды әр 5 жыл сайын ауыстырған жөн.

6. Пластмасса тақтайлар
Мұндай тақтайларды әр 3 жыл сайын ауыстыру керек. Сондай-ақ мұндай тақтайдың бірден бірнешеуін алыңыз: олар әртүрлі азық-түлікке арналған болуы керек. Мысалы, етке, көкөністерге, жемістерге және нанға арналған тақтайлардың бөлек болғаны жөн.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Сообщение Уақытылы ауыстырып тұру керек 6 ас үй ыдысы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus