Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сарымсақтан қашпаңыз

Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған екен. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойылған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері жоғары бағаланған көрінеді.

Сарымсақ дегенді естісек, ең алдымен оның өзін елестетуден бұрын, иісі мұрынымызға келіп үлгереді. Жағымсыз иісіне бола оны жек көріп те жатамыз. Мұнымыз мүлде қате. Өйткені сарымсақтың біз біле бермейтін талай-талай кереметтері бар екен.

Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттеліп біткен.

Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар. Осылардың барлығы қосылып келіп, сарымсаққа кереметтей емдік қасиет береді.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ десе де болады. Мысырлықтардың мыңдаған ғасыр бұрын бұл құпияның анық-қанығын білгендігін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге адамға салқын тиіп ауырғанда, тұмауда пайдалы болып, жөтелді жұмсартып, қақырықтың бөлінуін жақсартады.

Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.

Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, жағымды ішек флорасының дамуын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырауқұлақтарға әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады деп есептеледі.

Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.

Оны аспаздық жолмен өңдеген кезде пайдалы заттары жоғалып қалып жатады. Сондықтан, шипаны шын іздесеңіз, табиғи сарымсақты пайдаланғаныңыз жөн.

Ақпарат дереккөзі : massaget.kz

Сообщение Сарымсақтан қашпаңыз появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus