Осы күні «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінің редакцияларына бара қалсаңыз, кең текпешекпен көтерілгенде, оң қол жақта қабырғада қос мрамор тақта қағулы тұр. Мраморға қашалған алтын жазулар бар. Осы редакцияларда кезінде жұмыс істеп, содан соғысқа аттанып, ерлікпен қаза тауып, қайтпай қалғандар тізімі.
Мен әлдеқалай редакцияға жолым түсе қалса, осы мрамор тақталар алдында басымды иіп ұзақ тұрамын. Неше түрлі ойлар келеді. Сонау сұрапыл соғыстан осылар құсап қайтпай қалуым да мүмкін еді-ау. Оқ адамды таңдап тимейді. Небір боздақтар кетті. Мына тізімдегілердің көбін біле бермеймін. Бірақ мен жақсы білетін бір адам осы тізімнің орта тұсында тұр.
Ол — Мұхамбетқұл Исламқұлов.
Ол менен он...