КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, аурухана дәрігерлері де өз еркімен кеткен басшылары қызметіне қайта алынбаса, онда олар да жұмыстарынан кететінін айтып ультиматум қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.