АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ағынды сулардан әртүрлі қоқыстарды табуға болады. Тек қағаз емес, сондай-ақ, майлықтар, мақта тампондары, жеке гигиена құралдары, тамақ қалдықтары, шүберектер шығады. Бұл туралы «Алматы су» МКК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.