Макроэкономика — бұл ұлттық экономиканың жағдайы мен негізгі үрдістерін, оның шетел экономикасымен өзара әрекетін зерттеп, зерделейтін ғылым. Экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық мәліметтердің макроэкономика талдауы мәселелерді анықтай отырып, оларды шешу үшін экономикалық саясатты әзірлейді, сондай-ақ әр елдің экономикалық әлеуетіне салыстырмалы түрде талдау жүргізеді. Бұл — макроэкономиканың позитивтік функциясы.
Экономикалық саясат үшін ұсынымдарды әзірлеуден, сондай-ақ экономикалық құбылыстардың даму заңдылығын және олардың арасындағы себеп-салдар байланысын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық үдерістер мен құбылыстарды болжап, жетілдіруден тұратын оның нормативтік функциясының да маңызы зор. Нормативтік және позитивтік функциялардың арасында байланыстың бары өзінен-өзі түсінікті: позитивтік зерттеу неғұрлым объективті және терең жүргізілсе, әзірленетін ұсынымдар солғұрлым...