Бүйрек амилоидозы — бүйрек ұлпасының барлық құрылымдарында (шумақтарында, түтікшелерінде, тамырларында, интерстицийінде) ерімейтін ерекше эозинрфильді фибриллярлық белоктың жиналуынан дамитын патология. Амилоидозда бүйрекпен бірге өзге ағзалар да зықымданады. Йодты қосқанда реакциясы крахмалға ұқсауынан, аталмыш затты амилоид деп тұңғыш атаған Вирохов. Кейіндеу жүргізілген биохимиялық және электрондық микроскопиялық зерттеулер крахмал мен амиловдтың арасында ешбір ұқсастықты таппаған. Бүйрек амилоидозының макроскопиялық көрінісі ертеректе «үлкен майлы бүйрек» немесе «үлкен ақ бүйрек» түрінде сипатталған. Соңғы кездегі ғылым жетістіктерінің деректері бойынша, амилоид бір-бірімен мықты байланысқан, белоктық және полисахаридтік бөлшектерден тұратын гликопротеин боп табылды. Белоктық бөлшегі фибриллярлық (Ғ-компоненттен) және глобулярлық (Р-компоненттен) тұрады. Амилоидтың фибриллярлық белоктары, ұзындығы 7,5-10 н.м. шамасындағы талшықтардан...