НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.