НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 қазан күні антициклон жотасы республиканың басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтайды. Сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Еліміздің тек батысында циклон жырасының ықпалынан жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігі, шығысында тұман күтіледі, оңтүстік аудандарда жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.