Ғалымдар үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізіміне тағы 18 мамандық енгізілді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізімін кеңейтілді. Бағдарламаның операторы ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.
Енді олар «Биология, молекулалық биология», «Ветеринария», «Компьютерлік лингвистика», «Ауыл шаруашылығы», «Құрылыс», «Жобалау», «Шахта құрылысы», «Физика», «Байланыс және ақпарат тарату жүйесі», «Радиотехнология», «Механика», «Статистика», «Есептеу технологиясы», «Антропология», «Орман ресурстарын қорғау», «Вакцинология», «Математика» бағыттары бойынша мемлекет есебінен әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.
Айта кетейік, 8 мамандық қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізіліп, тағы 10-ы жаңа мамандық ретінде қосылды.
Қазақстандық ғалымдар Гарвард университеті, Сорбонна университеті, Колумбия университеті, Йель университеті,...