САРАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тұратын көпбалалы ана жұмысынан айрылып, өз ісін ашты. Саран қаласының 36 жастағы тұрғыны Оксана Рассказова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жарты миллион теңгеге грант алып, өз мақсатына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.