31 шілдеде қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт түрлі спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ертең теннисші Елена Рыбакина қола медаль үшін матч өткізеді. Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда рингке шығады.
31 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Су добы. Ерлер. Топтық кезең7:00. Қазақстан - Черногория
Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал7:35. Ильфат Абдуллин - Ли Цзялунь (Қытай)
Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч13:30. Елена Рыбакина - Элина Свитолина (Украина)
Бокс. Ерлер, 1/8 финал14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Билал Беннам (Франция)15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония).
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!