НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең еліміздің 14 облысында түрлі деңгейдегі 730 әкім тікелей сайланады. Ауыл тұрғындары бұл сайлау ел мұқтаждығына шынайы жаны ашитын адамды басшылыққа қоюдың тікелей мүмкіндігі деп бағалауда. Ал сарапшылар өзін-өзі басқару реформасының бұл сатысы сәтті өтіп, жемісті іске асса, аудандық және облыстық деңгейдегі әкімдердің сайлауын жақындатады деп отыр. ҚазАқпарат ертеңгі сайлау науқанына байланысты айтылған пікірлерді ұсынады.