НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елорда жұртшылығы коронавирус індетіне қарсы жаппай вакцина алып жатыр. Дегенмен, халық арасында екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме де жоқ емес. Осы орайда COVID-19 індетінің алдын алу және онымен күресудің бірден-бір жолы вакцина алудың маңызы туралы елордалық жалпы тәжірибе дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы №11 емхананың бөлім меңгерушісі Айдана Аязбекқызы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.