Қалай ойлайсыздар армансыз адам бола ма? "Армансыз адам-қанатсыз құспен тең" деген сөзбен келісесіз бе? Жалпы орындалған арманыңыз бар ма? Бұл сұрақтар қарапайым болып көрінгенімен мән мағынасы тереңде...
Кез келген адамның арманы болары анық. Ал сол арман бізді белгілі бір мақсатқа жетелейді. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу еді. Теледидарда, түрлі бағдарламаларда, радио желісінде сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнің сөйлеу мәнеріне, ойды жеткізу тәсілдеріне ғашық бола бастадым. Журналист - сөзге шешен, ұшқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам. Менде сондай жан болғым келеді. Абай атамыздың «Сен де бұл кірпіш дүниеде, кетігіңді тап та, бар қалан» деген сөзімен айтсақ осы өмірде елдің дамуына үлес қосып кірпіш болып қалансам деймін. Себебі,...