НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 шілдеде республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр болжанады. Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.