2018-жылы 13-маусымда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда ұлттық мәдениет пен тарихты қайта жаңғырту идеясының төңірегінде шілде айының бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп жариялады. Бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі мол. Ұлттық домбыра мейрамы күнтізбеге қызыл болып енгізіленнен бастап, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жыл сайын дәстүрлі түрде тойлануда. Айта кетсек, 2018-жылы Шымкент қаласында мыңға жуық өнерпаз бір мезетте күй орындап, би биледі. Ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, көрермендерге кәдесыйлар ұсынылды. Мереке қалалық кітапханаларда жалғасын тапты.
2019-жылы Шымкент қаласында биіктігі 7метрді құрайтын түрлі оюлармен көмкерілген алып домбыраның ескерткіші қойылды. Ұлттық аспабымыздың ашылу салтанатында қала әкімі: Ғабидолла Әбдірахымов пен айтыскер...