Астанада мембағдалама аясында тұрғын үй кешені құрылысы бойынша пулға өтініш қабылдау мерзімі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «2020 жылға дейін өңірді дамыту бағдарламасы» шеңберінде Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалау, № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 жобалық атаулары көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үй, Астана қаласының жобалық атаулары № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98, Лот №16 (лот №5), барлығы 143 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге болатын тұрғын үй кешені құрылысы бойынша пулға өтініш қабылдау болжамды мерзімінің өзгергені жайлы хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.