Қыркүйектің ортасынан бастап «Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қонатын болады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қыркүйектің ортасынан бастап «Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қонатын болады. Бұл ақпаратты бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев растады. Аймақ басшысы орынбасарының атап өтуінше, Талдықорған әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды - жолақ 500 метрге ұзартылып, енді 3 шақырымды құрайды, ені 16 метрге ұзарған.