Бүгінгі жұлдыз журналы түрлі бөлімдерден тұрады. Баспасөз бетінде әр бөлімге сай жарияланатын мақалалар жиынтығы құралған. Мәселен: Жас толқын, Түрік дүнниесі, Сырсандық, Сөз сәулесі, Проза, Поэзия бөлімдері. Поэзия бөлімінде кезінде қазақ поэзиясына құбылыс болып келген көрнекті ақындар жайында, өлең-шумақтары мен сол мәнісінде мақалалар жарияланады. Журналдың алғашқы редакторы қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфуллин болғандықтан сапалы әрі мазмұнды басылым деңгейіне көтерілді деп нық айта аламыз. Сонау бастауынан-ақ басылым бетінде қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірген. Ал қазіргі Жұлдыздың мазмұны да, дизайны да жаңаша өзгеріп, рухани жаңғыра түскен. Жұлдыз журналының ең бір ерекше тұсын айтып өтсем, бұл журнал-ең алғашқылардың...