Әр заманның өзіндік талабы, сұраныстары болады. Әр мемлекет сол талаптарды орындап, алға мақсат қойып, ұмытылу арқылы басқа елдермен тең дәрежеде дамиды. Ал қазіргі біздің өмір сүріп отырған дәуірдің талабы – техника әлемі.
Қазіргі кезде біз ең көп естейтін ұғымдардың бірі ол медиамәдениет. Медиамәдениет дегеніміз қoғaмның индycтpиaлды дaмy caтыcынaн жaңa өpкeниeттiк өрлеу сатысына өтy үрдісі. Ол адам өмірін барынша қарапайым қылуда және инновациялық мүмкіншіліктердің жаңа әлемін ашуда таптырмас құрал болып табылады.
Бүгінгі күнде ақпарат құралдарының адам өміріндегі маңыздылығы соншалық, яғни басым бөлігі медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған» қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Қазіргі пандемияға байланысты тіпті де бұл ақпарат көздерінсіз өмірімізді елестете де алмайтын күйге жеттік. Себебі бұл ақпараттық құралдар арқылы әлемдегі, айналамыздағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, қашықтықтан оқыту, жұмыс істеу барысында жүгініп отырмыз....