Қоғамдағы әрбір сала әртүрлі қызмет атқарады. Әрқайсысының алға қойған мақсаты, міндеттері, атқаруға тиіс шаралары бар. Сол сынды, журналистика да сансыз көп қызмет түрлерін іске асырады. Журналистика қызметтерінің ішінен ең негізгі 6 функцисын ерекше атап өтуге болады. Ол ақпарат тарату, танымдық, ұйымдастырушылық, басқару құралы, қарым-қатынас және көңіл көтеру функциясы.
Ақпарат тарату – бұл журналистиканың бірінші және ең басты функциясы. Күнделікті өмірде адамдар газет-журналдарды алып оқығанда, не болмаса теледидардан жаңалықтар қарағанда, ең алдымен, ақпаратты қарайды. Мысалға, Таулы Қарабақтағы оқиға қалай өрбіді? Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған пандемияның дүниежүзі елдеріне тигізген әсері қандай? Қанша адам коронвирус жұқтырды? Неше адам құлан таза сауығып кетті? деген сияқты...