«Жұлдыз» журналының алғашқы редакторы қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфуллин болған. Сапалы әрі мазмұнды басылым деңгейіне көтерілуіне қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірген. Бір ғасырға жуық уақыттан бері әдебиетіміздің шежірешісіне айналған «Жұлдыз»журналы қазірде жаңаша дизайнда, жаңаша мазмұнда рухани жаңара шығарылып отыр. БАҚ-ның ішінде алғашқыларының бірі болып латын қарпіне көшуді бастағанының өзі қоғамның даму үдерісін үнемі бақылауда ұстап, жас буынға өнеге көрсете алатын журнал екенінінің көрінісі. Ай сайын мазмұнды мақалалар мен шұрайлы көркем туындыларды осы журналдан оқуға болады. Қазір «Жұлдыз» журналы проза, поэзия, жас толқын, түрік дүниесі, сырсандық, сөз сәулесі сынды айдарлармен түрлі мақалалар жариялап отырады.
«Жұлдыз» журналының проза айдарымен 2020 жылдың 6 ақпанындағы санында Ғарифолла Әнестің «Әбіш Кекілбаевтың хикаяттары хақында» атты мақаласы: «Заңғар жазушы Ә.Кекілбаевтың әңгімелері мен хикаяттарының әрқайсысының жұлдызы бөлек, жолы ерек. Кез келген туындысын парақтап көрсеңіз, әр шығармасынан бір тағдырды байқайсыз. Бәлкім, жазушыны «шағын проза шебері» атандырған да сол шығармалар болар… Алдағы сөз сол жұлдызды туындылардың «тағдыры» мен тағылымына арналмақ.»,- деген алғы сөзбен басталды. Мақалада «Автомобиль» хикаяты туралы және оның алғаш рет 1977 жылы «Жұлдыз» журналында (№10, 25-91-бб.) жарияланғандығы айтылады. Автор мақаласында Әбіш Кекілбаевтың бұл туындысын жіліктей шағып, мазмұның айшықтап, әр жолына түсінік береді.
«Автомобиль» хикаяты жазушының екі дүние қарызын өтемесе де ықылас...