Баспасөз – жалғаншыл баспасөзге қарама-қарсы, шынайы шындықтың айнасы. Ар мен адамгершіліктің, жаңа мен жақсының жаршысы, насихаттаушы және ұйымдастырушы. Ал журналист еңбегі – оңай еңбек емес, ол – аса құрметті еңбек. Осындай жауапты қызметті иеленуші журналистер қауымының еңбек ететін бір саласы бұл – әдеби басылымдар. Әдеби басылымдар әрине елімізде көп-ақ, ал аға басылым – «Жұлдыздың» орны бір бөлек.
Енді басылым материалдарының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігін талдамас бұрын, оның жанрларынан, соның ішінде хабар жанрларынан бастағанымыз жөн. Хабар жанрлары басылымдардың күнделікті ісінде өте маңызды орын алады. Егер күнделікті шығатын баспасөзден оқушының шұғыл назарын аударарлықтай қысқа-қысқа хабарлар кездесіп отырмаса, онда газет не журнал...