ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауаның ластану деңгейі ең жоғары қалалар қатарына жататын Теміртауда экология мәселесі тағы да көтерілді. Қара түсті қар мен қалың түтіннен арыла алмай келе жатқан қалада жағдайды реттеу үшін ең тиімді шаралар қабылданбақ. Мұндағы ең ірі ластаушы - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорны.