ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде былтыр жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85-тен 90 пайызға, ал көше желілері 76 пайызға артты. Айта кету керек, бұл - республика бойынша екінші орындағы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.