1958 жылдан 1968 жылға дейінгі он жыл Алматы облыстық «Коммунизм таңы», одан кейін «Жетісу» газетінде өтті. Ең алдымен редактордың орынбасары, содан кейін бірінші орынбасары болып істеуге тура келді. Ол жылдардың бедері де жүрекке нұр құяды.
Мынау «Жетісу» газетінің бес мыңыншы номерінің шығуына байланысты редакция коллективінің 1967 жылы 30 сентябрь күнгі салтанатты жиынында жасалған қысқаша баяндама еді:
Тарихта талай сыр бар, талай жыр бар. Бүгінгі бес мыңыншы номеріміз де біраз тарихты еске түсіреді. Бүгінгі жеткен биіктен сонау өткенге қарасақ, есейгенімізді, кемелденгенімізді көреміз. Тарих бізге бұрынғыны шертер шежіре ғана емес, бүгінгіге қай биіктен қарауға болатынын меңзер белгі де, әр кезеңнің өзіндік қат-қабат...