БАЛҚАШ. ҚАЗаҚПАРАТ – Халықаралық тіл орталығы «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Qaiyrymdy» қайырымдылық акциясын өткізуде. Жас полиглот мұғалімдер аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 200-ден астам баланы шет тілдеріне оқытуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.