Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жетекшісі: Ф.Қозыбақова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнологич факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының тарихшысы
Дайындаған: Баймолдаева Мадина әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚИЫҚ АҚЫН
Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Ол 1931 жылы Алматы облысындағы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ата-анасының азан шақырып қойған аты -- Мұхамедқали екен. Ұлы Отан соғысына аттанған әкесі Сүлеймен 1941 жылы Калининград майданында қаза табады. Мұқағали өзінің үш інісімен бірге анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесін көріп өседі. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен қатар өткендіктен, ол...