Қазіргі таңда, әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Сонымен қатар, Қазақстанда қазіргі таңда ұлт насихатын, ұлт мәдениетін, құндылықтарын насихаттау және сақтау мақсатында “рухани жаңғыру” ұлттық бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - ұлттық мүддемізді әрі қарай дамытып, болашақ ұрпаққа тапсырып, жақсы үлгі болу. Еліміздің ең құнды байлығы – ол біздің тарихымыз, салт-дәстүріміз, тіліміз және дініміз. Осы баға жетпес құндылықтардың бәрін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, әлемдік деңгейде бой көтеру мақсаты қолға алынуда. Осы бағдарламаның аясында, көптеген мемлекеттік іс-шаралар қолға алынып, кейбір мекемелерде реформалар жүргізілуде. Осындай оң өзгерістер мен қарқынды даму процестерінің арқасында, еліміз одан әрі көркейіп, рухани құндылықтарын дамытып, бағаландыра...