НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекия мен Австрия Еуропа Одағының басқа мемлекеттерін Еуропаның туристік индустриясын жандандыруға көмектесетін коронавирус вакцинасының «паспортын» қабылдауға шақырады. Мұндай құжаттың, яғни сертификаттың мақсаты – вакцина алған адамдарға ЕО-да еркін саяхаттауға мүмкіндік беру, деп жазады ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап.