НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары дайындалады. Бұл жөнінде Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.