НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА осы елдің бас телеарнасы — Globo-ға сілтеме жасап хабарлайды.