Бүгінгі таңда туризм саласындағы тамақтануды ұйымдастыру кәсібінің дамуы өзекті мәселеге айналып отыр
Бадыкова Ляззат Рымовна,
конақжайлылық және туризм индустриясы
колледжі, Алматы қаласы
Жергілікті аймақта туризм саласындағы тамақтануды ұйымдастыру мәселелері мен болашақтары
Бүгінгі таңда туризм саласындағы тамақтануды ұйымдастыру кәсібінің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Астана қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы....