Таңат жұмысқа жарты сағат жай келді. Бөлім бастығы жоқ екен. Бірақ алдындағы қағаздары қорс-қопа - дәлізге шығып кетіпті. Бұған да шүкір деді. Кешіккені үшін сөз естіп қалатын еді. Таңат көбінесе сөзден емес, бөлім бастығының алайып қараған көзінен қорқатын. Әзірге әнеугүні алғаш рет алайды. Енді алайған көзге қатты сөз қосылса, жағдайы мүшкіл. Столға апыл-құпыл жайғасып, алқынын да баспастан, суырмаларды асығыс ашып, қағаздарын шығара бастап еді, секретарь қыз кіріп келді: «Еділ Бүкірбайыч, е-е... кім еді, анау жаңа қызметкерді, ә, ие, сізді шақырып жатыр...» Қыздың жүріс-тұрысынан, жүзінен ештеңені оқи алмады. Белгісіздік жанын жегідей жеді. «Жарты сағат кешіккенімді бетіме салық етпек пе? Таң атпай қай жетпегір жеткізе қойды екен?» Қарғыбаулы күшік сияқты мазасыз сұрақты соңынан ертіп, үлкен бастыққа беттеді.
Таңат жұмысқа жарты сағат жай келді. Бөлім бастығы жоқ екен. Бірақ алдындағы қағаздары қорс-қопа - дәлізге шығып кетіпті. Бұған да шүкір деді. Кешіккені үшін сөз естіп қалатын еді. Таңат көбінесе сөзден емес, бөлім бастығының алайып қараған көзінен қорқатын. Әзірге әнеугүні алғаш рет алайды. Енді алайған көзге қатты сөз қосылса, жағдайы мүшкіл. Столға апыл-құпыл жайғасып, алқынын да баспастан, суырмаларды асығыс ашып, қағаздарын шығара бастап еді, секретарь қыз кіріп келді: «Еділ Бүкірбайыч, е-е... кім еді, анау жаңа қызметкерді, ә, ие, сізді шақырып жатыр...» Қыздың жүріс-тұрысынан, жүзінен ештеңені оқи алмады. Белгісіздік жанын жегідей жеді. «Жарты сағат кешіккенімді бетіме салық етпек пе? Таң атпай...