Сөйте тұра жер бетiндегi миллиардтаған адамдар мынау өмiрдің ертегiге айналғанын қалайды. Бар өкiнiштiң басы да мiне, осыдан басталады. Өйткенi олар өздерiнiң адасқанын түсiнгенге дейiн ертегiге айналғысы келмей қасарысқан қайырымсыз тiршiлiктен түңiлумен болады. Ал түсiнген кезде... бәрi де кеш...
Өмiр — ертегi емес,
Ертегi — өмiр емес...
Сөйте тұра жер бетiндегi миллиардтаған адамдар мынау өмiрдің ертегiге айналғанын қалайды. Бар өкiнiштiң басы да мiне, осыдан басталады. Өйткенi олар өздерiнiң адасқанын түсiнгенге дейiн ертегiге айналғысы келмей қасарысқан қайырымсыз тiршiлiктен түңiлумен болады. Ал түсiнген кезде... бәрi де кеш...
Елес қуып, ертегi әлемдi аңсап жүрiп өмiрден өткен әрбiр адамның кеудесiнде аяқталмаған бiр-бiр ертегi қалады. Ол өздерiмен бiрге қабiрге түседi... Ақылды адамдардың артықшылығы да сол; ертегi-аңыздағы болмыстан нақты-тiршiлiктегi болмысқа тез көшу керек екендiгiн басқаларға қарағанда ертерек ұғынатындығында болса керек.
Бұл оның жасы қырыққа толғанда, өзгелер үшiн емес, өзi үшiн ашқан жалғыз жаңалығы едi. Ол...