Совет Конституциясы әр біріміздің құпиямызды қымтаулы сандықтан да берік сақтайтыны баршаға аян. Ал егер сондай бір өзара сырымызды жария айтамыз, ашық білісіп-ұғысамыз десек, оған да ерік берген осы Конституция. Баспасөз, радио, телевизор сияқты небір қуатты құралдар сондай мақсатына жетуге де жәрдемші Ендеше мен осы жолы өзімнің, правомды пайдаланып бір жолдаспен баспасөз арқылы ашық сырласқым келіп отыр.
Құрметті Қалқабаев жолдас! Мен Сізбен бұрын-сонды қол беріп, жүз көріскен жан емеспін. Ұзынағашта, қарт ақынымыз Жамбыл өскен жайлауда қой бағып жүрген жап-жас жігіт екенсіз. Өмірбаяныңызды өзіміздің Жоғарғы Советтегі жолдастардан сұрап алдым.
Жап-жас жігіт екенсіз дедім ғой. Әңгіменің бір орайына оны да пайдалана кетейік. 1938...