НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнет пайдаланушылары 2021 жылға арналған күнтізбені сатып алмай, 1937 жылғы ескісін пайдалануды ұсынып жатыр. Біреудің үйінен 84 жыл бұрын шыққан күнтізбенің табылуы екіталай, бірақ табыла қалған жағдайда ондағы күндер 2021 жылдың жаңа күнтізбесімен толық сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.