Ол құлағының түбінен күмбір қаққан әлдебір дыбысты аңғарып, өң мен түстің арасында малтығып біраз жатты да, кенет оянып кетті. Көзін ашып алса, үй іші жап-жарық. Күн көкжиектен енді ғана көтерілсе керек, шығысқа қараған шағын терезеден тозаңданып тіке құйылған алтын сәуле оң жақ қабырғаға торкөз сағым түсіріп, сол тұсқа тағы бір терезе орнап қалғандай көз қуандыра дір-дір етеді. Көше жақтан келіп тұрған әлгі сарын қарттың құлағына енді айқынырақ шалынды; гүжілдеген жуан дауысты әнші радиодан «Широка страна моя родная» деген белгілі әнді шырқап тұр.
I

Әділгерей әлденеге елегізіп басын көтеріп алды да, бірақ төсегінен тұра қоймай, айналасына ұйқылы көзбен назар салып біраз...