Жұмаханның қалада тұратын баласының үйіне қыдырып келіп, қонақтап жатқанына біршама уақыт болды. Университетте сабақ беретін үлкен ұлы Нұрғазы былтыр кандидаттық диссертация қорғап, дәрежесі бір басқыш өсіпті. Келіні — дәрігер. Тұрмыстары жаман көрінбейді. Барды-жоғын әкесінің алдына тосып, қолдарынан келгенше күтіп-ақ жатыр. Тек, бір ыңғайсыз жері, күндіз ұлы мен келіні кызметке кетіп, Жұмахан үйде жалғыз қалады. Мектепте оқитын немерелері: Айжан мен Мағжан алғашқы күндері атасынын маңына үйірілгенмен, каникулға жаңа шыққан балалар ойынның қызығына түсіп кетті.
Жұмахан — табиғатынан мазасыз кісі-тұғын. Бірдеме істемесе, не біреумен сөйлеспесе, іші пысып тұрады. Бір-екі күннен кейін өз бетімен қалаға шығып, көше кезіп кететін болды. Алматы оған бұрыннан...