Кезінде ұзақ жыл облыс басқарған, министр тағына да отырып көрген Аймағамбет Есқараев пенсияға шыққан соң Алматының тау жақ бөктеріне саяжай-коттедж салдырып, өзінің ен соңғы зейнетті өмірін сонда өткізіп жатты. Ертеңді-кеш аңқылдап самал есіп тұратын тау аңғары. Бас жағы қайыңды, қарағайлы қапталға тірелсе, аяқ жағы — қалың алма ағаш сыңсып өскен жасыл бақ. Білетін кісі ғана іздеп табатын, күре жолдан шынтақ айналатын суыртпақ жолы бар. Ендігі қалған өмірін алаңсыз, тыныш өткізу мақсатында, Айекең осынау оңаша түкпірді әдейі таңдап алып еді.
Аймағамбеттің осы жаңа қонысқа көшіп түскеніне де екі-үш жылдай болып қалған. Аса бір зәру шаруасы болмаса, қалаға көп қатынамайды. Сол қалыптасқан...