Биыл Арқа өңіріне қар қалың түскен. Айнала-төңіректе жыбыр еткен жан жоқ. Ұшы-қиырсыз ұлан дала бейне ақ кебінге оранғандай сұлық жатыр. Тіршілік атаулы бұл өлкеден басқа бір жаққа ауып кеткен секілді. Осыдан небәрі ширек ғасыр бұрын осынау Арқаның байтақ даласында қыс ызғарын елемей, қалың қарды түбіттей түтіп, мың-миллион жылқы тебіндеп жатты дегенге кім сенер?! Ал, халық ше? 1916-жылы патшаға әскер бермейміз деп, дүрк көтеріле атқа қонған асау-арда халық қайда? Осыдан тура бір ғасыр бұрын осы өлкені оңды-солды шарлаған Кенесары ханның сарбаздары орыс отаршыларының зәресін алып, сонау төбесі көрініп тұрған Ақмола бекінісінен бір полк орыс әскерін қуып шықты дегенге кім сенер?!
Бұл еңбегімді «АЛЖИР» лагерінде жазықсыз жапа шеккен арулар рухына бағыштаймын.
Автор
I
Биыл Арқа өңіріне қар қалың түскен. Айнала-төңіректе жыбыр еткен жан жоқ. Ұшы-қиырсыз ұлан дала бейне ақ кебінге оранғандай сұлық жатыр. Тіршілік атаулы бұл өлкеден басқа бір жаққа ауып кеткен секілді. Осыдан небәрі ширек ғасыр бұрын осынау Арқаның байтақ даласында қыс ызғарын елемей, қалың қарды түбіттей түтіп, мың-миллион жылқы тебіндеп жатты дегенге кім сенер?! Ал, халық ше? 1916-жылы патшаға әскер бермейміз деп, дүрк көтеріле атқа қонған асау-арда халық қайда? Осыдан тура бір ғасыр бұрын осы өлкені оңды-солды шарлаған Кенесары ханның сарбаздары орыс отаршыларының зәресін алып, сонау төбесі көрініп тұрған...