Алыс ауданнан облыс орталығына қатынайтын «ИЛ-14» самолеті кенет безгегі ұстағандай қалшылдап қоя берді. Бір айдан бері ұмыт бола бастаған мотор даусы Жарқынның құлағына бір түрлі тосын естілді. Іле-шала танауына жанармайдың өткір иісі де мүңкіп жетті. Самолет сол бетімен зіркіл қатып сәл тұрды да, бір заматта семіз дуадақтай ырғалаңдап, селоның сыртындағы тепсеңге қарай жылжыды. Біраздан соң қойқаңдап ебедейсіз бұрылғаны байқалды.
І

«Ұшуға жаралған неме жүруге жоқ екен-ау», — деп ойлады Жарқын. Мотор үні үдей түскен. Міне, терезе тұсындағы жусанды бозғылт дала артқа қарай жылдам сусып көше бастады. Самолеттің бар екпінімен зырлай жөнелгені білінді. Сол-ақ екен, Жарқын екі табанының жерге тимей, кенет...