НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас - 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 59,5 жас, одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.